Партияның қалалық филиалы жанындағы Miras кеңесінің кезекті отырысында Алматы қаласындағы мәдениет ошақтарының жай-күйі мен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралары қарастырылды.
Күн тәртібіне сәйкес баяндама жасаған қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғ.Майлыбаев өз сөзінде бүгінде басқарма тарапынан атқарылып жатқан бірқатар жұмыспен таныстырды. Мәселен, кітапхана жүйесін жаңғырту мақсатында Алмалы мен Медеу ауданындағы MEDEU CREATIVE HUB 2021 инновациялық мәдени орталықтарының жұмыстарымен таныстырды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу аясында 1 600 балалар мен жасөспірімдер тегін шығармашылық үйірмелеріне қатыса алады. Былтырғы жылмен салыстыра келе, кітапханалардың оқырмандар саны 116 306 адамнан 156 895-ке өскенін байқауға болады. Үйірмелер мен клубтардың саны да ұлғайғаны туралы атап өтті. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту мақсатында 4 мемориалды тақта орнатылып, Ы.Алтынсарин, Р.Бағланованың және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арналған ескерткіштерінің үздік эскиздеріне ашық конкурс жарияланды. Жиын барысында кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді қызу талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Келесі кезекте «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын іске асырудың республикалық Жол картасында айқындалған мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы қала әкімдігінің Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының өкілі Б.Қалымбеттің сөзінше, қалада тіл саясатының құқықтық-нормативтік негіздері жасалған. Жетілдіруді қажет ететін шығар, бірақ заңнама бар. Одан бөлек, бірнеше рет мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, тілдерді дамыту бағытында жұмыс жүргізіледі. Қазақ тілінде іс жүргізу, оны қолдану үшін оқыту бағыты бар. Тілді үйрену үшін оған деген құрмет болуы керек. Мемлекеттік орган заңнаманың сақталуын бақылайды.Әбілмансұр ЖАСАН