Семейде өрт кезінде қыз тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт бүгін түстен кейін қала орталығында 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан.
Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз болған. Ол үйден өздігінен шыға алмаған, өйткені ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткен.
Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін автосатыны ашқанын хабарлады. Алайда ол қорыққанынан тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен.