Синоптиктер 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: zhalagash-zharshysy.kz
190
оқылды
Қазгидромет он өңірде алдағы күндерге ауа райына байланысты ескерту жариялады. 16 тамызда күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. 14-16 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Талдықорғанда 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 16 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 16 тамызда кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық сақталады. Күндіз 18-20 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус аптап болады. 16 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 38 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 16 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 14-16 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл болады, екіпіні секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қаупі бар. 16 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Үржар ауданында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. 16 тамызда күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнайды. 16 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 16 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі.