2019 жылы «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жеңілдік мөлшерлемесі 2%, бастапқы жарнасы 10% болатын «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы іске аса бастаған болатын.
Бағдарлама бойынша 2019 жылы 23 қала тұрғыны пәтерге ие болса, 2020 жылы 13 отбасы баспанаға қол жеткізген. Солардың бірі – Жаңаөзен қаласында тұратын көпбалалы Жүнісбековтер отбасы. 2016 жылы Архат Жүнісбековтің жұбайы қалалық гимназия орта мектебіне жұмысқа орналасып, мемлекеттік қызметкер ретінде тұрғын үй кезегіне тұрған. Былтыр «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына өтінім беріп, соның арқасында қазан айында көпбалалы отбасы санаты бойынша «Көктем» шағынауданынан 2 бөлмелі пәтердің иесі атанады. Осындай жеңілдікпен баспанаға қол жеткізген отбасы мүшелері қазір дән риза. – Бұл көпбалалы отбасыларға үй алу үшін өте жақсы бағдарлама. Қазір пәтер жалдап тұратын болсаң айына кем дегенде 40-50 мың теңге қаражатың кетеді. Ал «Бақытты отбасымен» үй алсаң айына төмен пайызбен 50 мыңнан төлесең де, өз үйіңе төлейсің. Бізге тиімдісі – осы. Осындай бағдарлама үшін ризашылығымды білдірімен, – дейді Архат Жүнісбеков.М.ХАҚНАЗАР