Ресейде Ил-112В ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық экипаж мүшелері қаза тапты (видео)
Ресейде Ил-112В ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық экипаж мүшелері қаза тапты (видео)
154
оқылды
Мәскеу облысындағы Кубинка әуе айлағының маңында Ил-112В жаңа әскери-транспорттық ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшарады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Бірлескен авиақұрылыс корпорациясына сілтеме жасап.
«Жаттығу мақсатындағы ұшу сапары кезінде Кубинка әуеайлағына қонуға жақындағанда орман алқабында Ил-112В жеңіл әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Корпорация апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құратынын хабарлады. Бірлескен авиақұрылыс корпорациясының мәліметінше, ұшақ бортында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім тірі қалмаған. https://www.youtube.com/watch?v=xlr3OB8BK2Q