Жамбылда Volkswagen көлігі бетон бағанаға соқтығысып, бір бала қаза тапты
Жамбылда Volkswagen көлігі бетон бағанаға соқтығысып, бір бала қаза тапты
Фото: Ашық дереккөзден
133
оқылды
Жамбылда Volkswagen көлігі бетон бағанаға соқтығысып, 12 жасар бала қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 14 тамызында сағат 16.00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар “Сарыкемер-Үшбұлақ”  көлік жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Volkswagen Passat маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, бетон бағанаға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы жасөспірім зардап шекті: оқиға орнында 12 жасар бала қаза тапты, ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының  орталық ауруханасына жүгініп, ауруханаға жатқызылды. https://www.youtube.com/watch?v=QnghsQCc1FA