Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, – деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдағы кездесуде жерлесіміз WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атануға тырысып көреді.
Ербосынұлының қарсыласы Гайана өкілі, 36 жастағы Аллен Леннокс (22-1-1, 14КО). Жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді, орны қазірше белгісіз. Бірақ бұған дейін жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жөнінде келіссөз жүргізілген.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Айдос Ербосынұлы ганалық Исса Самирді (19-1, 16КО) үшінші раундта нокаутпен жеңіп, WBC Asia, WBA International және WBO Global чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған еді.