Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңге ұрлаған
Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңге ұрлаған
Фото: pixabay.com
173
оқылды
Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам (212 мың доллар) ақша ұрлады, – деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Сот шешімімен ол  5 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» Заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.
«Букмекерлік кеңселердің жекелеген қызметкерлері оңай пайда табу үшін заңның талаптарын елемейді және клиенттерді заңсыз онлайн-казино мен тотализаторларға тартады. Мысалы, Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің лауазымды тұлғалары сотталды. Сот оларды әртүрлі жазалау шараларына үкім шығарды», – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.