Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Астанада TikTok-та балағат сөз айтқан 18 жастағы жігіт 10 тәулікке қамалды
Видеодан скриншот
313
оқылды

Астанада TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, көпшілік алдында балағат сөздер айтқан 18 жастағы Ж. есімді азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында оның қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.

Сот шешімімен жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция барша азаматты "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтауға шақырады.