Әлемге әйгілі америкалық мотивациялық спикер, жазушы және бизнес-тренер Брайан Трейси 82 жасында өмірден өтті.
Жазушы 2026 жылғы 12 қарашада қайтыс болған. Қаралы хабарды өзі негізін қалаған Focal Point Business Coaching компаниясы растады. Сондай-ақ оның немересі Уилл Стейн әлеуметтік желіде атасын еске алып, қоштасу жазбасын жариялады.
Брайан Трейси 1944 жылғы 5 қаңтарда Канаданың Шарлоттаун қаласында дүниеге келген. Ол жеке тұлғаны дамыту, уақытты басқару, көшбасшылық және табысқа жету тақырыптарында 70-тен астам кітап жазған. Оның «Eat That Frog!», «No Excuses!» және «Goals!» еңбектері әлемнің ондаған тіліне аударылған.
Трейси өзінің кітаптары мен дәрістері арқылы миллиондаған адамның кәсіби және жеке дамуына ықпал етті.
Жазушының өлім себебі әзірге жарияланған жоқ.
