Қазақстан әлем елдерінің демократия деңгейі бойынша рейтингінде 167 елдің ішінде 128-орынға тұрақтады. Сөйтіп авторитарлық басқару режимі бар елдер санатына енді.
Рейтингті ұлыбританиялық The Economist журналының зерттеушілері жасаған. Онда Қазақстан индексі 3,14 болған. Бұл авторитарлық режим деңгейіне сәйкес келеді.
Индекс мемлекет ішіндегі демократия деңгейін өлшейді және сараптамалық бағалау әдіснамасы мен қоғамдық пікірді сұрау қорытындысына негізделген:
* сайлау процесі және плюрализм;
* үкіметтің қызметі;
* саяси қатысу;
* саяси мәдениет;
* азаматтық бостандық.
ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Армения (89-орын) және Қырғызстан (107-орын) позициялары жоғары — екі ел де гибридті режимдері бар мемлекеттер тізіміне енді. Ресей де Қазақстанды басып озды, бірақ авторитарлық режимі бар елдер санатына кіріп, Эфиопия мен Нигер арасында 124-ші орынды иеленді.
Беларусь (148-орын), Өзбекстан (155-орын), Тәжікстан (159-орын) және Түрікменстандағы (162-орын, рейтингте соңғы 167-орын алған Солтүстік Кореяға өте жақын) жағдай Қазақстаннан да жаман.