Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, бақытты өмір тіледі.
«Өмірімнің жаңа парағы»: белгілі әртіс Әбілмансұр Серіков шаңырақ көтерді
107
оқылды

Танымал әртіс, көптеген тележобаларда көрермен көзайымына айналып үлгерген Әбілмансұр Серіков үйленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қуанышты жаңалықты әртістің жары Гүлия Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Ә. Серіковпен бірге неке қиған сәттен түскен суретін жариялаған.

«Өмірімнің жаңа парағы», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, бақытты өмір тіледі.