Ауғанстаннан келген босқындар Бішкектегі БҰҰ ғимаратының алдында митинг жасады. Олар БҰҰ-дан Қырғыз Республикасының азаматтағын беруін немесе басқа елге жіберуін талап етті. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Наразылық акциясына қатысушылар елде ұзақ жылдар бойы босқын мандатымен тұрып келген.
Солардың бірі — Әли Сарвар Мұхаммед Нәбидің айтуынша, Ауғанстан азаматтары Қырғызстанда 18-20 жылдан бері тұрады, бірақ құжат берілмеген.
"Біз мұнда босқын мандаты бойынша тұрамыз. Ал онымен жұмысқа орналасу қиын. Біз Қырғыз Республикасының азаматтығын алғымыз келеді немесе Канада, АҚШ сияқты елдерге жіберуін сұраймыз. Өкінішке қарай, бізге БҰҰ-дан ешкім шықпады, жедел желі арқылы да сұрақтарға жауап бермеді", — деді Әли Сарвар Мұхаммед Нәби.
[caption id="attachment_156763" align="aligncenter" width="339"] Фото: 24.kg[/caption]
Айта кетейік, 17 тамызда Қырғыз Республикасының СІМ Ауғанстаннан елге тоғыз адам эвакуацияланғанын хабарлады.
Бұған дейін Ауғанстандағы президент сарайын басып алған, ел билігіне 20 жылдан кейін қайта оралған "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) туралы 10 дерек жазған едік.