19 тамыздағы мәлімет бойынша, 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ-) емделуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың ішінде:
30 286 пациент стационарда,
90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 856 адамның жағдайы ауыр,
540 пациенттің жағдайы өте ауыр,
265 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.