«Атамекен» ҰКП Ashyq қосымшасы арқылы «жасыл» мәртебесі бар қазақстандықтарға той өткізуге рұқсат беруді ұсынды. Сондай-ақ «қызыл» аймақта Ashyq жобасының қатысушыларына сенбі күні сағат кешкі онға дейін, ал Ashyq жобасының лидерлеріне түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат беру туралы ұсыныс тастады.
Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 21 тамыздан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасы бойынша Қарағанды қаласында COVID-free пилотын іске қосу, яғни «жасыл» статусы бар келушілер үшін қоғамдық тамақтану орындарына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап отыр. «Жасыл» статусы бар қазақстандықтар үшін той өткізуге рұқсат ету қаулы негізінде болуы тиіс. Іс-шараны алдын ала тіркеу бойынша және барлық персонал вакцина салдырған мекемеде 100 адамға дейін бас қосуды ұсынады. Осы арқылы олар кәсіпкерлердің тығылып әрекет етуінің жолын кесуге септігін тигізеді. Өйткені тығылып той жасайтындардың көптігі пандемиямен күресуде оң нәтиже бермей отырған көрінеді.Н.ЕРЖАН