«Халыққа көмектен» нәтиже көп
«Халыққа көмектен» нәтиже көп
223
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы «Nur Otan» партиясы мен еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұ­мы­­сын жандандырды. Жоба партияның 2030 жылға дейінгі «Ба­қуатты қоғам: 10 жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағ­дар­­ла­масын жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі. Жаңа бас­­та­­маны партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйым­дармен және бизнес қауымдастықтармен бірлесіп іске асы­рып жатыр. Соның арқасында халық жобаның игілігін көріп отыр.

Ауылдарға жол төселді

«Халыққа көмек» жобасы ая­сында «Nur Otan» партиясының Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аудан­дық филиалдарына ауыл тұрғын­дары жолдардың нашар екенін айтып, асфальт төсеп беру туралы өтініш білдірген. Өтініш бо­йынша «Nur Otan» партиясының филиал­дары тарапынан тиісті шара қа­был­данып, аудандық партия фи­лиалдары төраға­ла­ры­ның бі­рінші орынбасарлары А.Абдрах­манов, Ж.Садырбаев Алдабергенов ауы­лындағы Байысов көшесінің жолын жөндеуге жергілікті бюд­жеттен қаражат қарастыруға қол ұшын берген және мәслихат де­пу­тат­тары Б.Төрекенов, Б.Жұмағұ­лова жол салушы мекеме өкіл­дерімен кездесу өткізген. Келіссөз нәти­жесінде ауылдардағы көше­лерге қиыршық тас және асфальт төселіп, ауыл тұрғындары риза­шылығын білдірді.

Медицина құралдары жеткізілді

«Халыққа көмек» жобасы ая­сын­да «Nur Otan» партиясы Алма­ты, Қостанай облыстық және Шымкент қалалық филиал­дарына аудандық аурухана бас­шы­лары ме­дицина мекемесіне жүгінген ха­лық­­тың қарасы кө­бейгенін, ме­ди­цина құрылғы­ла­рына қажеттілік еселеп артқанын айтып, көмек сұраған. «Nur Otan» партиясы фи­лиал­дары тарапынан түскен өті­ніштер бойынша тиісті шаралар қабыл­да­нып, Алакөл ауданының жергілікті жеке кәсіпкерлері Ерлан Мақұл­беков пен Дәулет Дүйсенбеков демеуші болып, Алакөл аудандық орталық ауру­ханасына 5 оттегі концентра­торын берді, ал Қоста­най облысы және Шымкент қа­ла­лық ауру­ханасын жергілікті кәсіп­керлер оттегі баллондарымен қам­тама­сыз етті. Орталық ауру­ха­на ұжы­мы мен науқастар азамат­тарға алғысын білдіріп жатыр.

 65 отбасына көмек көрсетілді

Осы жоба аясында «Nur Otan» партиясының Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маң­ғыс­тау, Түркістан облыстарының аудандық және Шымкент қаласы филиалдарының қоғамдық қа­был­дау бөлмелеріне жұмыссыз, әлеу­меттік аз қамтылған, жалғыз­басты аналар, ерекше бала бағып отырған 65 отбасы көмек сұрап келген. «Nur Otan» партиясы аудан­дық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасарлары, аудандық мәс­лихат депутаттары және жас­тар ресурстық орталығы пар­тия­ның «30 қайырымды іс» акциясы ая­сында өтініш білдірген отбасы­лар­ға көмек көрсететінін жет­кізді. Соның арқа­сында партия қыз­мет­керлерінің көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтыл­ған 65 отба­сына азық-түлік себеті таратылып, көмек көрсетілді.

Балаларға оқу құралдары табысталды

Атырау облысындағы Мүм­кін­дігі шектеулі балаларды қол­дау қо­рының директоры Абдел Тәжі­кенов Атырау облыстық мәслиха­тының депутаты А.Жол­мұ­ханова­ның қабылдауында болып, мүм­кін­дігі шектеулі 30 балаға «Мек­теп­ке жол» акциясы аясында мек­­тепке қажетті жаб­дықтарын алып беруге көмек сұ­раған. Сон­дай-ақ Арқалық қаласында да жергілікті халық қа­лау­лылары өз қаржысымен әлеу­­мет­тік жағдайы төмен отбасынан шық­қан бала­ларға мектепке қа­жет­ті құралдарды сыйға тартып жатыр.

Мадияр ТӨЛЕУ