Жәрдемақы рәсімдеуге көмектесеміз деп тұрғындарға хабарласатын алаяқтар пайда болды. Олар телефонға келген құпия санды айтуды сұрайды, – деп жазады
Алаяқтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42 500 теңге төлем алғандарға қомақты ақша алып беруге уәде береді. Ал, миллион теңгеге жуық ақшаны алу үшін 1414 нөмірінен SMS арқылы жіберілген кодты айтуды сұрайды.
"Соңғы бірнеше күнде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 1414 байланыс орталығына қызмет алушылардан жиі қоңырау түседі. Олар әртүрлі ұйым, саяси партия өкілдері хабарласып, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алғандар 900 мың теңге мөлшерінде төлем алуға құқылы екенін айтқанын жеткізеді", – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша бөлімшесі PR менеджері Ярослав Богатырев.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұл ақпаратты жоққа шығарады және 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге айтпауды ұсынады.