Кабул әуежайында тәртіпсіздік күшейді
Кабул әуежайында тәртіпсіздік күшейді
Фото: youtube.com
190
оқылды
Кабул әуежайының айналасында тәртіпсіздік күшейді. 21 тамызда ЕО, АҚШ азаматтары мен ауғандықтар эвакуацияланды. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылды. Мыңдаған ауған босқыны әуежайға жетуге тырысып жатыр. Сығылысқан адамдар және атылған оқтың дауысы естіледі. Кімді жіберіп, кімді жібермеу керегін британдық және америкалық әскери күштер шешеді. Босқындардың көбінің тиісті құжаттары  жоқ және ұшаққа мінуге мүмкіндігі болмай тұр. "Адамдар процестің жүріп жатқанын көріп тынышталады. Бірақ ашуға да бой алдырады. Тәртіпсіздік жасап жатқандардың көбінің тиісті құжаттары жоқ екенін анықтап жатырмыз. Олар сонда да үміттеніп, саналы түрде тәуекелге барып жатыр", – дейді британ армиясының аға сержанты Даз МакМахон. Бір күн бұрын АҚШ президенті Джо Байден АҚШ азаматтарын Ауғанстаннан шығаруға қатысты нақты кепілдік бере алмайтынын айтқан еді.