Санкт-Петербургтік кардиолог-терапевт Сергей Кадин дәрігерге шұғыл көрінуге себеп болатын белгілерді атады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, гипертония мен атеросклероздың дамуын бастапқы кезеңінде ғана ұзақ уақытқа тежеуге болады.
Мына белгілер байқалған жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды:
жоғарғы қан қысымы;
бастың жиі ауыруы, айналуы;
кеуде қуысындағы ауырсыну, жайсыздық;
денеге салмақ түскенде әдеттен тыс шаршау немесе ентігу;
жүректің шалыс соғуы немесе жүрек соғысының себепсіз жиілеуі;
отбасында ерте (50 жасқа дейін) жүрек-қан тамырлары ауруларыбар адамның болуы;
40-тан асқан жас шамасы (спорттық жаттығуларды бастамас бұрын немесе ұзақ сапарлар алдында тексерілу қажет).