Автобус төбесінде билеген TikTok жұлдызы Айдос Ариновтың видеосын Қарағанды полициясы тексереді.
Қарағанды полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жиі видео түсіретін блогер, №43 автобусының жүргізушісі Айдос Ариновтың видеоларын тексермек.
Оған қарағандылықтардың жүргізушіге шағымы себеп болған.
"Қазіргі уақытта бұл видеоны жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері зерттеп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.