Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатқан науқастың хаты жарияланды. Хат авторы өзіне ауа жетпей, қиналып жатқанын айтады.
Автор Instagram-дағы парақшасында хат жариялаған.
"Бұл хатты Шымкент қаласының коронавирустан емдеу орталығында Т.Орынбаев атындағы ЦГО жатқан науқас өз әйеліне жазған.
- Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислород өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алар емеспін. P.S Науқас қайтыс болды.", - деп жазған ол.
Жазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Әзірге құзырлы органдардан ресми жауап жоқ.