СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа оқу жылына дайындық барысы айтылды. Облыстық Білім басқармасы басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, өңірде 75 316 оқушы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мыңға көп.
Сондай-ақ алғаш рет 8 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Оның жартысынан астамы Петропавлдың үлесінде. Ал өңірде 472 мектеп жұмыс істесе, жаңа оқу жылында 6 мектеп жабылды. Олардың қатарында Ақжар ауданындағы 1 мектеп, Аққайың ауданында – 1, Есіл ауданында – 1, Жамбыл ауданында – 2, Қызылжар ауданында 1 мектеп жұмысын тоқтатқан. Бұл бастауыш мектептерде небәрі 4 оқушыдан ғана оқыған. «Облыстағы мектептердің 78 %-ы шағын жинақты мектептер. Жаңа оқу жылында 298 елді мекеннен 2 074 баланы тасымалдау жоспарланған, оның ішінде күн сайын 1 261 оқушы, апта сайын 813 оқушы тасымалданады. Бұл мақсатқа 124 автокөлік бар, оның 42-сі былтыр, 18-і биыл сатып алынды», – дейді Гүлмира Кәрімова. Сонымен бірге басқарма басшысы егер оқушы немесе мұғалім вирус жұқтырса, сынып қашықтан оқыту форматына көшеді.Ж.МҮСІЛІМ