Ақпарат министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеуге қатысты түсініктеме берді
Ақпарат министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеуге қатысты түсініктеме берді
© company.medelement.com
154
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі жөнінде түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерген.
«Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және қыркүйек айында оларды Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін биылғы жылдың соңына дейін шешу көзделіп отыр» делінген хабарламада.
Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.