Парламент Мәжілісінің депутаттары Семей қаласында да бірқатар кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ирина Унжакова, Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде шаһардағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж, «Силикат» ЖШС, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты мен Восход кентіндегі автоматтандырылған кешеннің жұмыс барысымен танысты. Халық қалаулылары М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің орталық жылуға қосылмауы өзекті мәселе екенін атап өтті. Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары бұған «Теплокоммунэнерго» мекемесіне қарасты «Центр» қазандығындағы қуат тапшылығы себеп болып отырғанын, бұл мәселе 2022 жылы қосымша қазандық орнатылса ғана шешілетінін жеткізді.А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы