Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
193
оқылды
Бүгін Қарағанды қаласына кіреберісте жол талғамайтын көлік ер адамды қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 24 тамыз күні сағат 21.05 шамасында 60 жастағы Lend Rover автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып, Попов көшесі – 15 магистраль қиылысында 41 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.