Әйел пара беремін деп жауапқа тартылды. Ол тергеу изоляторының бастығына ақша ұсынбақ болған.
Түзеу мекемесіндегі күйеуіне жақсы жағдай жасауын өтінген ол 1500 АҚШ долларын беруге тырысқан. Мекеме басшысы ұсыныстан бас тартып, әйелді сол сәтте қолға түсірген.
«Әйел түзеу мекемесінің бастығына пара беріп жатқан сәтте қолға түсті. Ол ақшаны темір торда жазасын өтеп отырған күйеуіне жақсы жағдай жасау үшін тергеу изоляторының басшысына бермек болған. Күдік тудырмау үшін ұсынбақ болған соманы кітапқа жасырған»,- делінген хабарламада.
Азаматтық некедегі жолдасына жақсылық жасамақ болған әйелге 3 млн. теңге айыппұл салынды.
Ал келіншегі арқылы пара беруді ұсынған жазасын өтеуші енді абақтыда 11 емес, 13 жыл отырады. Сот оның жазасына тағы екі жыл қосып берді.