Бұл жайында Қостанай облысының Полиция департаменті мәлімдеді. "Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тергеу басталды.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен үш қостанайлық ұсталды. Олар 35 және 63 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда белгісіз біреулер қапқа салынған итті балғамен ұрған. Қостанай тұрғыны өзінің инстаграм парақшасында бақылау камераларынан түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда екі ер адамның итті қапқа салып алып бара жатқанын көруге болады.