Швейцарияда Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығы атап өтілді. Айтулы шара Қазақстан елшілігінің бастамасымен Берн қаласында ұйымдастырылды.
Жабылу салтанатында британдық продюсер Андре Сингердің “Жел қайда соқты” атты дерек фильмі мен ядролық қарусыздандыру саласындағы әлем елшісі Қайырбек Күйіковтың “Көк жарық” деп аталатын суреттер көрмесі таныстырылды.
Продюсер сынақ өткен 40 жылдық тарихты және “Невада – Семей” қозғалысы белсенділерінің күресі туралы бір жарым сағаттық фильм түсірген. Онда зардап шеккендердің естелігі мен сарапшы пікірлері әрі полигонның адамзатқа тигізген алапат әсері баяндалады.
Жиынға қатысушылар ядролық полигонның жабылуының тарихи маңызын атап, ядролық қарудан ада әлем құру жолындағы еліміздің бастамаларын жоғары бағалады.