Өзбекстан Республикасы Ферғана облысы ІІБ іздестіріп жатқан 28 жастағы азамат алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 776 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.
«Көші-қон заңнамасын бұзушылардың алдыңғы қатарында 177 азамат тіркеусіз немесе құжатсыз жүр. Ал 129 павлодарлық қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін ұсталса, олардың 85-і уақытша бейімдеу және медициналық айықтырғыш орталығына орналастырылды. Бұзақылардың 68-іне қатысты «ұсақ-түйек» бұзушылыққа бойынша материалдар облыстық сотқа жіберілді», - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғалым Сарғұлов.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілері арасында да жиі тәртіпсіздікке жол беретіні анықталды. Мәселен, тек бір тәулік ішінде 79 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал 45 жүргізуші жылдамдық режимін сақтамаса, 8 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, 7 жүргізуші қос жолақты сызықты кесіп өткені үшін ұсталған.