Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 рет жарылыс болған
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 рет жарылыс болған
201
оқылды
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды. Ресми ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі таратты.
«Бүгін Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймаларының бірінде сағат шамамен 19:00-де өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы мен өртті сөндіруге арналған шынжырлы арнаулы техникасы, сонымен қатар Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру топтары жұмылдырылған. Қоймада, негізінен, инженерлік оқ-дәрі сақталған және олар алыс қашықтыққа ұшпайды. Жалпы, 6 жарылыс орын алды», – деп хабарлады министрліктен.
[caption id="attachment_158008" align="alignnone" width="800"]Жамбыл Фото: Куәгерлер жолдаған суреттер[/caption] Қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы ақпарат бар. Оның 10-ы - әскери қызметші. Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген Әскери әуе күштерінің әскери-техникалық авиация борты ұшып кетті.