Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен саланы тұрақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қолдау шаралары мен субсидиялау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ ветеринарлық қызмет, аграрлық ғылым мен кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту жұмыстары туралы айтылды.
Саланы реформалаудың негізгі бағыттары 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысы кездесу соңында дайын өнім шығаруды дамытуға, егін жинау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы ұйымдастыруға, алдағы қыста мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.