Құрғақшылық қыспағындағы аймақтарға көмек көрсетілді
Құрғақшылық қыспағындағы аймақтарға көмек көрсетілді
307
оқылды

Павлодар облысынан Маңғыстау фермерлеріне 250 тонна шөп жіберілді. Шаруаларға 12 вагон шөпті тиеуге «Nur Otan» партиясының мүшелері мен жасотандық еріктілер және Павлодар гарнизонының әскери қызметшілері көмектесті.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қиындыққа тап бол­ған жандарға павлодарлықтар алыс-жақындығына, жыл мез­гі­ліне не болмаса өз тіршілігіне қара­май, әрдайым қол ұшын созу­ға дайын. Қазір Қазақ­стан­ның батысындағы отан­дас­тары­мыз құрғақшылық салдарынан қиын­дыққа тап болғанда, Ертіс өңі­рінің тұрғындары сырт қал­ма­ды», – деді  «Nur Otan» партиясы фрак­циясының мүше­сі, Пав­ло­дар облыстық мәс­ли­ха­тының де­путаты Серік Жар­ты­баев. Осыған дейін Түркістан об­лы­сының партия белсенділері де бұл жағдайға немқұрайды қара­ма­ған болатын. Олар құрғақшы­лық­тан зардап шеккен Маңғыстау об­лысындағы фермерлік шаруа­шы­лыққа екі айға толмайтын қыс­қа уақытта 100-ге жуық вагон не­месе 3 мың тоннаға жуық шөп жө­нелткен еді. Сондай-ақ #BizBirgemiz ак­ция­сы аясында Жамбыл облы­сы­нан Қызылорда өңіріне 16 вагон шөп жіберілді. «Nur Otan» пар­тия­сы фракциясының мүшесі, Қы­зылорда облыстық мәсли­ха­ты­ның депутаты Мағжан Ералиев те өз қаражатынан Арал ауданы­ның фермерлері үшін 20 тонна шөп сатып алған. Еске салсақ, 10 шілдеде «Nur Otan» партиясы жанындағы Аг­рар­лық секторды дамыту жөнін­де­гі республикалық қоғамдық кеңес­тің кезектен тыс отыры­сын­да жергілікті бюджет қара­жа­ты есе­бінен жемшөп бағасы мен олар­ды тасымалдау тарифтерін тө­мендету ұсынылды. Кеңес мү­ше­лері Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне фермерлерге жанар-жа­ғармайдың қосымша көлемін бөлуді және Азық-түлік корпора­ция­сының базасында жемшөп қо­рын құруды ұсынды.

Мадияр ТӨЛЕУ