Тараз маңындағы жарылыс: қаза тапқандар тізімі жарияланды
Тараз маңындағы жарылыс: қаза тапқандар тізімі жарияланды
©aikyn.kz
223
оқылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери туралы толық ақпарат мәлім болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

"Қаза тапқандар туралы толығырақ: Сержант Марат Мешінбай, 1981 жылы туған, Ефрейтор Руслан Жанболатов, 1981 жылы туған. Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев, 1969 жылы туған, қойманы күзету бойынша қарауыл бастығының көмекшісі, оқ-дәрілер жарылысынан қаза тапты. Төртінші марқұм - Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Капезов", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, олар өртті сөндіріп жатқанда жарылысқа жақын жерде болған және өте ауыр жарақаттар алған.
27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.