Әскери прокурор Тараз маңында болған жарылыстан қаза тапты
Әскери прокурор Тараз маңында болған жарылыстан қаза тапты
Фото:facebook.com/abroi.azamatov
310
оқылды
Арман Қапезов - Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың бірі. Ол 42 жаста болған. Артында 4 баласы жетім қалды. Кенжесі 1 жасқа толмаған. Бұл туралы AIBAT ақпарат қызметінің тілшісіне оның туыстары айтып берген.   Жақындарының айтуынша, әскери бөлімде жарылыс болған кезде Арман Қапезов өрт сөндіру тобының басшысы ретінде  оқиға орнына дереу жеткен.  Жарылыс тоқтаған соң туған-туыстары Арманды іздеген. Бүгін таңертең Қапезовтың отбасына оның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын хабарлаған. Туыстары оны ерлікпен қаза тапқан деп жариялайды деп үміттенеді. Қапезов Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндірген адамдарға басшылық еткен.