Мәжіліс депутаттары көңіл айтты
Мәжіліс депутаттары көңіл айтты
© kaz.zakon.kz
188
оқылды

Парламент Мәжілісінің басшылығы және депутаттары Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жары­лыстардан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

 «Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиға барша қазақ­стан­дықтардың қабырғасын қайыстырды. Әскери борышын өтеу жолында қайтыс болғандардың отбасына, туған-туыстарына барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Сондай-ақ Палата Спикері апат орын алған кезеңнен бастап Мемлекет басшысы өз бақылауына алғанын, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатқанын айтып, зардап шеккендерге сабыр мен бекемділік тіледі.