Қорғаныс министрі Жамбыл облысына барды
Қорғаныс министрі Жамбыл облысына барды
©aikyn.kz
326
оқылды

Еліміздің Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері бастаған комиссия мүшелері Жамбыл облысына барды. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді. Оқиға салдарын жою мақсатында барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілген.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтады. Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жерасты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал.