Батыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері, Парламент мінің депутаты Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева өңірдегі кәсіподақ өкілдерімен кездесті.
Жиын барысында облыстық кәсіподақ төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов сөз бастап, қазір Батыс Қазақстан облысындағы кәсіподақтың хал-ахуалын, өзекті мәселелерін атап көрсетті. Кездесуге қатысушы салалық жергілікті кәсіподақ төрағалары мен мамандары әр саладағы қиындық туғызған жайттар мен жұмысшылардың ұсыныстарын депутаттарға жеткізді. «Қызмет» облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен жергілікті халықты уайымдатып жүрген ауқымды 2 мәселені атады. Ең алдымен, зейнеткерлерге халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына берілетін көмектің айлық есептік көрсеткішке тікелей тәуелділігі, яғни бұл соманың Үкіметпен бекітілген азық-түлік себетін сатып алуға жеткіліксіз екені. Екіншіден, ұзақ уақыттан бері автокөлік мәселесі өзекті болып тұр. Осы сұрақтарды шешу жолдары бойынша мардымды ұсыныс депутаттарға айтылды. Өңірдегі іссапар барысында халық қалаулылары еңбек қатынастары мәселесін көтеріп келе жатқаны жөнінде баяндады. «Қашықтан жұмыс істеу еркіндігі, делдалдар арқылы жұмыс істеудің қиындықтары жақын арада қабылданатын заңда қарастыралады», – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Валерьевна. Сондай-ақ партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында азаматтық істер бойынша заңгер, «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы, БҚО заң консультанттары палатасының төрағасы Ринат Телепов тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға несиені өтей алмау салдарынан ісінің 3 сот орындаушысына жолданып, ендігі кезекте мұрагерлікке өте алмай жүрген тұрғын келді. Тұрғынның айтуынша, ісін заңсыз түрде, яғни өтеушіге ескертпей сот орындаушыларға жіберген. Аталған мәселенің барлық мән-жайы анықталып, тұрғынның байланыс деректерін жазып алып, мәселені Ринат Жұмабайұлы бақылауға алатынын жеткізді. Бұдан соң ПИК пен МИБ мәселесімен Орал қаласындағы Н.Назарбаев 233/3 мекенжайында тұратын тұрғындар келді. Тұрғындардың барлық байланыс деректері жазылып, консультативтік және заңнамалық тұрғыдан кеңес берілді. Қабылдау соңында Ринат Телепов партияға заң тұрғысынан көмек сұрап жүгінген тұрғындарға қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.М.ХАҚНАЗАР