Түрікменстанда нанға таласқан тұрғындар төбелесті
Түрікменстанда нанға таласқан тұрғындар төбелесті
Сурет: Couleur
326
оқылды

Азық-түлік тапшы Түрікменстанда тұрғындар арзан нан үшін жиі жанжалдасатын болған.

Ашхабадта таңғы сағат бесте мемлекеттік дүкендердің бірінің алдына адам әдеттегідей көп жиналды. Бірақ арзан нан кезекте тұрғандардың бәріне жетпеген. Соның салдарынан жанжал шыққан.
"Мемлекеттік дүкен алдында нан кезегінде тұрған әйелдер төбелесіп қалды. Кезек соңында тұрғандар нан бәріне жетпейтінін түсініп, алға қарай ұмтылған. Олар таңғы сағат үштен бері кезекте тұрған. Кезекте тұрған адамдар екі жарылып, төбелес шыққан. Күші басым болған топтағылар ғана нан сатып ала алды", — дейді төбелес куәгері.
Нан кезегіндегілердің төбелесі жиілеуіне байланысты астана билігі кезекті бақылайтын полиция қызметкерлерін көбейткен. Бірақ одан жанжал азаяр емес. Түрікменстан үкіметі биыл 1 млн 400 мың тонна астық жиналып, мемлекет жоспары толық орындалды деп мәлімдеген. Алайда елде нан әлі күнге дейін тапшы. Түрікменстан төрт жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Базарда 5-10 манат тұратын нан мемлекеттік дүкенде 60-80 теңгеге сатылады.