Анасынан туыла салып, сөйлеп кеткен шақалақ, талайларды шалқасынан түсірді. Тіпті, бір акушер маңдайын қабырғаға соғып алып, кәдімгідей ісірді. Астанадағы нөмірі бірініші перзентхананың бас дәрігері сөйлеп кеткен, әрі жүріп кеткен шақалақ кабинетіне кіріп келгенде, креслосынан сырғып, еденге жата қалды. Шақалақ болса, оны ала көзімен ата қалды .Бас дәрігердің жанына келіп:
– Сәлеметсіз бе? –деп амандасты, оның сөзін естігенде, бас дәрігердің өңі жаман қашты.
– Іздірәстите.
– Қазақша сөйлеңіз.
– Амансың ба?
– Немене, өліп қалды деп пе едіңіз?
– Жо–жоға, амандасып жатқаным ғой.
– Сіздің перзентхана мейірбикелеріңіз бен мен акушерлеріңізде жүрек жоқ екен!
– Неге, оларда былқ–былқ еткен жүректер бар.
– Олар тас жүректер.
– Не–неге олай дедің, шақалақ?
– Жегіңіз келе ме, шапалақ?
– Кешір. Не болып қалды? –деп сұрады бас дәрігер.
– Сіздің қызметкерлеріңіз анамды адам ғұрлы көрмеді ғой!
– Қалай соонда? –деп қорқа қарады бас дәрігер.
– Анам жаңа ғана мені өз күшімен босанды. Орын жоқ болған соң, дәлізде босанды.
– Шынында орын жоқ.
– Мейлі ғой, акушер неге мені босандырып алмады? Жаман қапамын! Өліп қалсам ше? Анам өліп кетсе ше?
– Құдай сақтасын!
– Не деген мейірімсіз едіңдер? Жарық дүниеге келмей жатып, жақтырмадыңдар! Кейбір адамдар осындай, қатігезсіңдер ме? Менің жазығым не? Кешірім сұраңыз менен!
– Ке–кешіріңіз...
– Перзентханаңыза тәртіп сұмдық екен! Акушеріңіздің пейілдері сұмдық екен! Бәрі, бәрі сұмдық екен! Таңдайымды көтеріп қойыңызшы?
Бас дәрігер кіндігі шұбатылып жүрген шақалақтың таңдайын саусақтары дірілдей көтерді.
– Абайлаңыз, кіндігімді басып кеттіңіз ғой!
– Ойбай–ай, кіндігіңіз де кесілмеген бе?
– Мейірімсіз дәрігерлеріңізді күте–күте шаршадым ғой! Не деген сұмдық! Не деген қатігездік! –деген шақалақ кабинеттен шығып кетті де, дәлізде жатқан анасының кеудесіне шығып, жатып алды. Көз жанарынан жас тамшылары ағып жатты. Перзентхана дәрігерлеріне қапа болып жатты...
Кешіріңіз, құрметті оқырманым, сіз шынымен сеніп қалдыңыз ғой деймін? Нәресте туыла салып, сөйлеп кетпейтін шығар? Ол тек фантастикалық фильмдерде ғана болады емес пе? Дегенмен, сәл сабыр етіңіз, шақалақ сөйлеп кетпесе де, Нұр-сұлтандағы нөмірі бірінші перзентханада сұмдық оқиғаның болғаны рас көрінеді. Астана тұрғыны, көп балалы ана Гүлвира Исаева алтыншы баласын ешкімнің көмегінсіз, дәлізде өз күшімен босанған. Тіпті, толғақ қысып, қиналып жатқанда да, мейірімсіз мейірбикелер мен дәрігерлер жанынан табылып, көмек көрсетпеген! «Сұмдық екен!» деп қоя салуға болар ма? Ол ол ма, өзі күшеніп, шақалақ дүние есігін ашқанда, жанынан өтіп бара жатқан санитар еш тазалықты сақтамастан, қолындағы кір-кір пакетті қоя салып, нәрестені анасының көкірегіне қойған. «Держи своего ребенка!» деген. Анығын айтқанда, толғағы қысып, қиналған анаға акушер келмеген. Перзент ханаға түскен ананы дәрігерлер тексеруден де өткізбеген. Нұрбақыт есімді акушерге қан кетіп қалуын айтқанда, «Білгіш болсаң, өзің босанып ал!»деп кекеткен-мыс. Кешікпей, дәрігерлер келіп, баланың кіндігін кескен. Үсті – басын сүрте бастапты. Сосын, жауапты акушер кешігіп келіп, мысқылдай құттықтаған көрінеді. Өзінің каспий голд нөмірін айтыпты. Гүлвира айтады: «Демек, оған рахмет айтып, ақша салуым керек екен. Мен ешқандай да ақша жібермедім. Сосын, мені палатаға ауыстырды. Ол жерге каталкасыз жаяулап, әрең бардым. Босану бөлмесінде маған жатқан жерімізді жинатып қойды. Сол кезде көрген қан есімнен кетер емес! Менің бес бала туған тәжірибем бар, ал, алғаш босанған әйел менің орнымда болса, арам қатар еді!»
Ойпырмай, оқиға рас болса, сұмдық екен, а?