Жарылыстан із-түссіз жоғалған жігітті үйінде төрт баласы күтіп отыр
Жарылыстан із-түссіз жоғалған жігітті үйінде төрт баласы күтіп отыр
Сурет: Әсет Құндақбаев

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан 13 адамның қаза тапқаны белгілі. Тағы үш адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында. Солардың бірі – Бауыржан Дәуітбаев. Әскери қызметкерді үйінде әйелі мен төрт баласы күтіп отыр, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Сарбаздың келіншегі бесінші балаға аяғы ауыр. Оқиға болған күні Бауыржан Дәуітбаев баласының сүндет тойын атап өту үшін жұмыстан сұранып кеткен екен. Алайда, жарылыстан жарты сағат бұрын әріптестері оны жұмысқа шұғыл шақыртып алған.

«Күйеуімнің көлігі әскери бөлімнің жанынан табылды. Машинасының артқы терезесі сынған. Күйеуім жоқ, үшінші күн болды жоғалғанына. Алғашында жараланып ауруханаға алып кеткен деген соң ол жақтан іздеп, жараланғандардың арасынан таппадық. Біреулер әскери госпитальға жібердік деді, ол жақта да жоқ. Қайын атам шыдай алмай жарылыс болған жерге атпен барды, Бауыржан жоқ. Жарылыстан әскери КАМАЗ жерге кіріп кеткен, соның ішінде болуы мүмкін дейді. Ол техниканы неге әлі күнге көмілген жерінен шығармағаны түсініксіз. Үш күннен бері не өлі, не тірі екенін білмей отырмыз. Осы ауылдан тағы бір жігіт жоғалған» – деді Бауыржан Дәуітбаевтың әйелі Дильназ Данаева.

 />
<em>Дильназ Данаева</em>

Бауыржан 34 жаста. Әскери бөлімде 2013 жылдан бастап келісімшарт негізінде жұмыс істеп келеді. Үш ұл, бір қыздың әкесі.
<blockquote>«Тұңғышымыз 13 жаста, кенжеміз үште. Соның сүндет тойына қонақтарды шақырып, жиын жасап жатқан едік. Жарылыстан жарты сағат бұрын шұғыл шақыртты. Үйдегі қонақтарды тастап, қазір келем деп асығыс кеткен. Бесінші балама аяғым ауыр. Балалары міне, әкелерін жәутеңдеп күтіп жүр. Бұрын Таразда жұмыс істеп, осында ауысып келген еді», – деді Д.Данаева.</blockquote>
<img src=

Бауыржан Дәуітбаев кіші ұлымен Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімінің қоймасы Тараз қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ ақпараты бойынша, өрт қойма ғимаратына толық жайылып, жарылыстан фрагменттердің ұшу радиусы 2 км-ге дейін жеткен. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, қоймада 500 тоннадан астам тротил жарылған. Оқыс оқиға болған жердің маңында 3 елді мекен орналасқан, Жібек жолы кенті – 3 км (378 тұрғын), Үшбұлақ станциясы – 8 км (216 тұрғын) және Ботамойнақ – 10 км (492 тұрғын). Ауылдардағы халықтың жалпы саны шамамен 1,1 мың адам.

 />

<img src=

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жоғалған үш адамды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Журналистердің сұрағына жауап берген министр Ермекбаев жарылыстан қаза тапқан әр қызметкерді мемлекеттік наградаға ұсынып, артында қалған отбасының әрқайсысына заң бойынша 20 млн теңгеден өтемақы төленетін айтты. Әмірболат Құсайынұлы, Жамбыл облысы