Парадзюдошы Дәулет Теміржан күміс жеңіп алды
Парадзюдошы Дәулет Теміржан күміс жеңіп алды
277
оқылды

Парадзюдошы Дәулет Теміржан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы кездесуінде әзербайжандық Газимов Рамилді ұтса, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері неміс Хоркас Николайдан басым түсті. Ақтық сынға жолдама үшін белдесуде грузиялық Калдани Джорджиді қапы қалдырды. Алтын жүлде үшін таласта  Рио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері өзбекстандық Саидов Феруздан ұтылды.