Тараздықтар өрт сөндіру бөліміне гүл апарып жатыр
Тараздықтар өрт сөндіру бөліміне гүл апарып жатыр
Сурет: congerdesign
256
оқылды

Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза болғандарды еске алды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сурет ВТВС Tеlegram-каналында жарияланды.
"Адамдар аза тұту күні қаза тапқандар қызмет еткен екінші шағын аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр", — деп жазылған фото астында.
Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:
  • Темірболатов Арнұр Серікұлы  – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
  • Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.
Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.