Италияның жағалау күзеті 500 мигрант отырған балықшы қайығын тапты
Италияның жағалау күзеті 500 мигрант отырған балықшы қайығын тапты
379
оқылды

Италияның жағалау күзеті Жерорта теңізінің Лампедуза аралының маңында балықшы қайығында қалқып жүрген 539 мигрантты құтқарды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мигранттар толы кішкене қайық Италияға Ливиядан келген деп болжанды. Онда әйелдер мен балалар көп болған. Мигранттардың арасында түрлі елдердің азаматтары бар. Олардың қатарында Мысыр, Сирия, сонымен қатар Солтүстік Африкадан келгендер де бар, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының деректеріне сай, Италияға кетер алдында мигранттарды ұрып-соққан. Олардың денесінде көгерген тұстары бар. Тағы бір болжам бойынша, оларды Ливияда қамап ұстаған. Мигранттар отырған шағын қайық батып кетуі мүмкін болғандықтан босқындарды Италияның кеден мен жағалау күзетінің қайықтарына отырғызып, Лампедузаға жеткізген. Италияға Ливиядан мигранттар тұрақты келіп жатады, атап айтқанда, Лампедуза аралына жиі келеді. Алайда бұған дейін арнайы қызмет бір қайықта осынша көп мигрант отырғанын кездестірмеген. Мамырда Лампедузаға бірнеше сағаттың ішінде мыңнан астам мигрант келген. Аралда 300 адамға арналған мигранттар лагері бар. Алайда қазір ол жерде бес есе көп адам тұрып жатыр. Келгендердің көбі лагерьдің маңындағы жолдың бойында орналастырылып жатыр. Мигранттардың көбі Еуропадан пана берілмейтін елдерден келген.