AIBAT жаңалықтар қызметі әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылған жарылыстың видеосын жариялады.
Таспада жойқын жарылыс екпіні дәмхана қонақтарын бірнеше метрге ұшырып жібергені бейнеленген. Камераға, сондай-ақ, сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған.
26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты.