Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомство қызметіне қатысты бірнеше қауесетті жоққа шығарды.
"Жұмысқа бара жатқанда мынадай "жаңалықтардың" шағын тізімін жасадым", – деп жазды Мусин Instagram-парақшасында.
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлеуметтік желілерді бұғаттауды жоспарламайтынын айтты.
Оның айтуынша, бұл мәселе былтыр талқыланған, бірақ биыл желіде бұл тақырып қайтадан көтерілген.
"Деректерді жіберу тарифтері қоңырау шалу тарифіне теңестірілмейді. Министрлік WhatsApp-та қоңырау шалу және хабарлама алмасу үшін ақы ала алмайды және алмайды", – деді министр.