Шаруалар мал жаятын жайылым таппай жүр – Тоқаев
Шаруалар мал жаятын жайылым таппай жүр – Тоқаев
310
оқылды

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент шаруалардың қолы жайылымға жетпей отырғанын айтты. Әсіресе, әкімдер әртүрлі сылтау айтып, жайылым жерлерді ықпалды адамдардан кері қайтара алмай жатқанына да тоқталды. Әсіресе, жайылым жерді адам аяғы баспайтындай етіп, қоршап тастағандардың да бар екенін айтты.
«Аймақтарда әкімдер түрлі себептерді сылтауратып ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауы керек. Жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету қажет», – деді Президент.
Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығын алдағы уақытта ескере отырып, әр жылы әртүрлі дақыл егу мәселесін де тілге тиек етті.