«Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан бері көбейген жоқ. Дағдарыс халықтың табысына кері әсерін тигізді. Ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен біршама артта келеді. Сондықтан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 миллионнан астам адамды қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, бұл ЖІӨ-нің 1,5 есе артуына септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.