Polisia.kz-тің дерегінше, кеше таңғы сағат 5-тер шамасында полицияға қала тұрғыны шағымданған. Белгісіз адамдар Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанындағы аялдаманы сындырғанын хабарлаған.
Шақырту бойынша келген полицейлер оқиға орнында 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады. Олар масаң күйде болған.
Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин: «Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналды. Материал сотқа жіберіледі, – деді.