«Астана» концерт залы – елорданың тарихи көрінісі. Қала орталығында орналасқан бұл ғимарат еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Өйткені елеулі мәдени шараның барлығы осында өтеді.
Себебі 60-жылдардың басында Целинный аймағы Ақмоланың орталығына айналған еді. Соның қарқынымен елде құрылыс жұмыстары жанданды. Оның үстіне, сол кезде түрлі іс-шаралар өткізуге арналған қала орталығында ауқымды, кең қоғамдық ғимарат болмаған екен. Сол тұста, 1961 жылы Н.Хрущев Целиноградқа келіп, ең ірі индустриалды аймақта жиналыс өткізетін қолайлы орын таба алмаған. Сөйтіп, Целинниктер сарайын салу туралы шешім қабылданған.
1982 жылы ғимарат Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енді. Дегенмен 90-шы жылдардың соңында Сарай ауқымды қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде, 1998 жылы ғимарат «Конгресс Холл» деп аталды. Заманауи жөндеуден өткен ғимараттың амфитеатры алынып, мыңға жуық орны қысқарылды. Өзгерістерге қарамастан, ғимарат ішіндегі акустика жақсы сақталған.
[embed]https://youtu.be/-jQrNT_F8B8[/embed]
Бірақ 2016 жылы «Конгресс Холл» есімі «Астана» концерттік залға ауыстырылды.