Халық санағы: бірінші күні 32 мыңнан астам адамның дерегі тіркелді
Халық санағы: бірінші күні 32 мыңнан астам адамның дерегі тіркелді
Фото: yandex.kz
161
оқылды

Бүгін 32 422 респондент онлайн санаққа қатысты. Олардың 28 382-сі sanaq.gov.kz сайтында, 3528-і Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 512 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, онлайн сауалнаманы толтыру кезінде бірқатар мәселе туындаған.

«Кейбір азаматтар тұрғылықты мекенжайын толтыру кезінде қиындықтарға тап болды. Респондентке көше атауының алғашқы әріптерін енгізу керек, содан кейін жүйе автоматты түрде ұқсас нұсқаларды шығарады. Егер бірінші әрекет кезінде қажетті мекенжайды табу мүмкін болмаса, қазақ және орыс тілдерінде теру қажет. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жеңіс» көшесін орысшада «Женис» деп терсе, жүйеден қажетті мекенжай шықпайды. Себебі, көше атауында қазақша әріптер бар» делінген ресми хабарламада.

Халық санағына әр азамат sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн қатыса алады.